«Тең мүмкіндіктер» фестиваліндегі біздің чемпиондар!
05.11.2025 17:10:44 171
№1 орта мектептің оқушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған инклюзивті спорттық фестиваль — «Тең мүмкіндіктер» іс-шарасына қатысты.
Жарыстар 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында өтті. Біздің оқушылар табандылықтың, еңбексүйгіштіктің және командалық рухтың арқасында тамаша нәтижелер көрсетті! 💪
✨ 4 «А» сынып қыздар командасы —
Зәкен Аружан, Ертаева Аяла, Дармен Меруерт (команда «Алау») —
мынадай жетістіктерге жетті:
🥇 «Біз жеңімпаз боламыз» эстафетасында — 1 орын
🥇 жеңіл атлетикалық жарыста (50 м, 100 м, 200 м) — 1 орын.
🔥 4 «Ә» сынып ұлдар командасы —
Әсетұлы Нұрдәулет, Бақытбек Жангир, Болатбек Айсұлтан (команда «Сұңқар») —
сондай-ақ келесі жетістіктерге жетті:
🥇 «Біз жеңімпаз боламыз» эстафетасында — 1 орын
🥇 жеңіл атлетикалық жарыста (50 м, 100 м, 200 м) — 1 орын.
Біздің жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Жаңа табыстар мен жеңістерге жете беріңіздер!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1099519?lang=kk