Қызметкерлерге арналған семинар

Қызметкерлерге арналған семинар

05.11.2025 18:11:22 170

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма қызметкерлері үшін  Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы Аманжол Құсайынов және Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ маман-теологы Сәкен Жақановтың қатысуымен семинар өтті.

Аталған іс-шарада «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», сондай-ақ «Дәстүрлі ислам мен деструктивті діни топтардың айырмашылықтары.

Деструктивті діни топтардың ықпал ету әдістері», сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері қаралды.

Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп және қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1099645?lang=kk