Мажарстандық талдау орталықтармен және сарапшыларымен байланыстар нығая түсуде
06.11.2025 08:00:31 46
Будапешт, 2025 жылғы 30 қазан - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «Людовика» атындағы Ұлттық мемлекеттік басқару университетінде болып, 22 қыркүйекте осы білім ордасының қабырғасында ашылған «Centre for Turkic Studies» орталығының жұмысымен танысты.
Орталықтың басты миссиясы - түркі әлемінің тек Мажарстан үшін ғана емес, сонымен қатар тұтастай алғанда Еуропаның болашағы үшін өсіп келе жатқан стратегиялық рөлін тереңірек түсіну және Мажарстанның осы аймақтарды байланыстыруда және өзара диалогты қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсету болмақ.
Сонымен қатар, Елші осы күні «Корвинус» университеті Орталық Азия зерттеу орталығының Атқарушы директоры, профессор Др. Мартон Краснаимен кездесіп, Орталықпен өзара тиімді ынтымақтасу перспективаларын талқылады.
Айта кетері, М.Краснаи 16 қазанда Астанада өткен «Astana Think Tank Forum»-на қатысып, су дипломатиясы жөнінде ауқымды баяндама жасаған болатын (https://astanatimes.com/2025/10/hungarian-expert-calls-for-evidence-driven-water-diplomacy-at-astana-think-tank-forum/).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1099699?lang=kk