Қарулы күштердің үздік әскери ұжымдары анықталды

Қарулы күштердің үздік әскери ұжымдары анықталды

06.11.2025 11:20:30 42

Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқасында 2025 оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік жарыс жеңімпаздары марапатталды.

Қарулы күштер түрлері арасында Құрлық әскерлері, әскер тектерінен – Десанттық-шабуылдау әскерлері үздік деп танылды.

Жалпыәскери қызметтегі жетістіктері үшін бірінші Қорғаныс министрі Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың төсбелгісімен және кубогымен 53898 әскери бөлімінің командирі полковник Азамат Асанов марапатталды. Десантшы жауынгерлер Қарулы күштердің XXII спартакиадасының жеңімпазы болып танылды. Осыған байланысты спорттағы жоғары көрсеткіштері үшін Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев грамотамен және кубокпен марапатталды.

Дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша үздік әскери ұжымдар да анықталды. Бригадалар арасында  «Оңтүстік» ӨңҚ 28903 әскери бөлімінің командирі подполковник Тахир Нартов, барлау полктерінен – 35950 әскери бөлімінің командирі подполковник Ермек Ысқақов, қамтамасыз ету базалары полктерінен – Десанттық-шабуылдау әскерлері 12881 әскери бөлімінің командирі полковник Роман Тукарт, әскери оқу орындарынан – ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков кубокпен марапатталды. Әскери полиция басқармаларынан – Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының бастығы полковник Сәкен Әуелбеков, Қарулы күштер түрлері басқармаларынан – Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері басқармаларынан – Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Айдос Мырзахметов атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1099910?lang=kk