Әрбір чек – жеңіске жету мүмкіндігі!

Әрбір чек – жеңіске жету мүмкіндігі!

06.11.2025 11:40:34 40

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта өтіп жатқан бизнесті қолдауға және көлеңкелі экономикаға қарсы күреске бағытталған 2 ауқымды акциялар туралы еске салады.

 

  1. «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!». 2025 жылғы 3 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында еліміздің әрбір тұрғынының ақшалай және бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндігі бар! Тауарды сатып алу немесе қызметті алу кезінде фискалдық чекті «Amian» мобильді қосымшасында тіркеу жеткілікті.

 

  1. «Бәйге» акциясы! 2025 жылғы 1 мамырдан 31 желтоқсанға дейін — мүмкіндігінше көп чектерді сканерлеп, 100 000 теңге ұтып алуға мүмкіндік алыңыз!

 

Жеңімпаздар тоқсан сайын анықталады: бүкіл ел бойынша 20 жеңімпаз.

 

Сатып алыңыз — сканерлеңіз — жеңіңіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1099928?lang=kk