2025 жылғы 4 қарашада Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Діни экстремизм» тақырыбында семинар өткізілді
06.11.2025 12:00:59 34
2025 жылғы 4 қарашада Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі мен заң департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Діни экстремизм» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар спикері – Астана қаласы әкімдігінің «Qamqor Astana» қоғамдық қорының теолог маманы Арман Нұрахметұлы.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің діни экстремизм қаупі туралы хабардарлығын арттыру және деструктивті идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру. Қатысушыларға радикалды ағымдардың белгілері мен олардың алдын алу тетіктері жөнінде түсіндірмелер берілді.
Өткізілген семинар мемлекеттік қызметшілердің діни қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын және адалдық пен әдептілік мәдениетін нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1099973?lang=kk