Елші Еңбек министрлерінің алтыншы Ислам конференциясына қатысты
06.11.2025 14:40:35 64
Елші Арман Исағалиев «Жергілікті тәжірибе – жаһандық жетістіктер: Ислам әлеміндегі озық бастамалар» тақырыбы аясында өткен Еңбек министрлерінің алтыншы Ислам конференциясына қатысты.
Форумда Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінде жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Қазақстан ИЫҰ-ның белсенді мүшесі ретінде өз азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік саясат пен реформаларға үлкен мән береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Біздің реформаларымыздың басты мақсаты – әділетті мемлекет пен баршаға арналған мүмкіндіктер қоғамын құру».
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1100083?lang=kk