Жамбыл облысының МКБ-да семинар өткізу туралы, негізгі тақырып: 2026 ж. Салық Кодексіндегі жаңалықтар
06.11.2025 17:21:27 63
Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл және Жуалы аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында медиа-жоспар шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинар өткізілді. Семинарға түсіндірме алуға өтініш білдіргендердің жалпы саны 42 құрады.
Іс-шараға қатысушылар – заңды тұлғалардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, есепшілер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: салық есептілігінің нысандарын қысқарту, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да тақырыптар.
Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1100323?lang=kk