Мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудын алдын алу

Мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудын алдын алу

06.11.2025 17:30:37 84

Қостанай облысы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі уәкілдердің құзыреттерін арттыру мақстанында семинар өткізді. Семинар жұмысына қатысқандар: Баглай Бауыржан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, MA in International Relations, шақырылған спикерлер, сарапшылар, ОМО аумақтық бөлімшелерінің мен ЖАО әдеп жөніндегі уәкілдері, персоналды басқару қызметтерінің мамандары.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Е.А. Салықбаев, ОМО аумақтық бөлімшелері мен ЖАО әдеп жөніндегі уәкілдерінің стратегиялық мақсаттар мен тұжырымдамалық құжаттарды іске асыру, мемлекеттік қызметте әдептілікті арттыру, мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудың алдын алу жұмысы жөніндегі мақсат пен міндеттерін айқындады.

«Мемлекеттік қызметтегі кемсітушіліктің алдын алу. Әлеуметтік және гендерлік аспекті» тақырыбында Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі, мемлекеттік қызмет ардагері, философия ғылымдарының кандидаты, экс-сенатор С.Ш.Бектұрғанов сөз сөйледі.

«Халықпен тиімді коммуникацияларды құру және дауларды басқару. Медиация құралдары» тақыбы бойынша Қостанай облысы әкімінің отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат бойынша кеңесшісі, азаматтық қоғамның белсендісі, ҮЕҰ мәселесі және қоғаммен байланысы бойынша сарапшы Г.А. Капенова сөз сөйледі.

«Мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған коммуникациялар» тақырыбын А.Байтұрсынов Университетінің инклюзивтік білім және психологиялық қолдау орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдардырың кандидаты (РһD), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  Қостанай облысы бойынша филиалының оқытушысы Т.В. Зуева ашты.

«Қоғамдық бақылау арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында «АДАЛ ДОС ПРЕВЕНЦИЯ» ҚБ басшысы, «Ведомствоаралық жұмыс тобы» жобасына қатысушысы Ә.М. Байлин сөз сөйледі.

Баглай Бауыржан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  Қостанай облысы бойынша филиалының директоры, MA in International Relations мемлекеттік қызметте құндылықтар енгізу, ашық диалог, сарапшылар ортасын құру, мемлекеттік қызметшілердің аналитикалық дағдыларды және біліктілігін қалыптастыру бойынша өз пікірін қосты.

ҚатысушыларҚостанайоблысындамемлекеттікқызметкеорналасужәнеөткерутуралыақпаратпентанысты.Іріктеудіңзаманауимоделімемлекеттік қызметті әртүрлісаладағымамандарүшінашық етуге арналған.

Мысалы, облыс әкімі аппараты ағымдағы жылдың үш тоқсанында облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармалардың бос лауазымдарына 142 конкурс өткізді. Қатысушылар саны 521 адамды құрайды. Жоғарыда аталған конкурстарды өткізу кезінде жасына, ұлтына немесе жынысына байланысты шектеулер болған жоқ. Қатысушылардың көпшілігі 40 пен 50 жас аралығында (187 қатысушы) 23 пен 29 жас аралығында (114 қатысушы), 30 бен 35 жас аралығында (99 қатысушы), 35-40 жас (56 қатысушы), 50 және одан жоғары (39 қатысушы), 23 жасқа дейін (20 қатысушы). Конкурсқа қатысқан әйелдер – 260 адам, ерлер – 261. Бұл мәліметтер бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатысушылардың теңдігі туралы нақты айтады. Облыстың жергілікті атқарушы органдарында жұмыс істейтін әйелдер, ерлерге қарағанда (37%), айтарлықтай көп (63%). Облыстың жергілікті атқарушы органдары басшылығындағы әйелдердің үлесі 17% - құрайды, оның ішінде облыстық басқармалардың 20 басшысының 7-сі басшы-әйелдер (35%). Мемлекеттік қызметтегі барлық қызмет барысында қызметкерлер өздерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және кәсіби өсу үшін тең мүмкіндіктерге құқылы, меритократия қағидатына сәйкес кәсіби қасиеттерге сүйене отырып, мансаптық өсу үшін тең мүмкіндіктер сақталады.

Семинар сонында «Мемлекеттік қызметтегі кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудын алдын алуда әдеп жөніндегі уәкілдердің ролі» тақырыбында дөңгелек үстел форматында диалог өтті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар енгізді. Тыңдаушыларға "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заң жобасы, мемлекеттік мекемелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұжырымдамалық құжаттарды іске асыру және құқықтық оқу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Қ. Сюндиков, Костанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1100375?lang=kk