Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық дамуын жалғастыруда

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық дамуын жалғастыруда

07.11.2025 19:50:42 106

Сеул, 2025 жылғы 4-5 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сеулге жұмыс сапары барысында Корея Республикасының Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Чон Ый Хие және Сыртқы істер вице-министрі Ким Джин Амен кездесулер өткізді.

Чон Ый Хиемен өткен келіссөздер барысында сұхбаттастар екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық және сенімділік негізінде қалыптасқан қатынастарды, сондай-ақ тараптардың екіжақты форматтағы ынтымақтастықты өзара күшейтуге талпыныстарын атап өтті.

А.Бақаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, сенімділік негізінде қалыптасқан тұрақты саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанына назар аударды.

Тараптар «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форматындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды табысты өткізу үшін келісілген күш-жігер жұмылдыруға уағдаласты.

Сыртқы істер вице-министрі Ким Джин Амен өткен келіссөздер көпжақты күн тәртібі мәселелеріне арналды.

Келіссөздер барысында Астана мен Сеулдің халықаралық алаңдардағы, соның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік шеңберіндегі сындарлы өзара іс-қимылыды нығайту перспективалары талқыланды.

Сонымен бірге министрдің орынбасары «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы Хатшылығының атқарушы директоры Ри Джонг Кукпен кездесті және Сеул киберуниверситетіне барып, оның қызметімен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1101371?lang=kk