ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қостанай облысындағы инвестиция тарту және жобаларды дамыту мәселелері талқыланды
07.11.2025 20:00:28 1192025 жылғы 7 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қостанай облысының әкімі Кумар Ақсақаловпен кездесіп, Премьер-Министрдің арнайы инвестициялық кеңесте берген тапсырмаларын орындау барысы, сондай-ақ инвестиция тарту тетіктері, перспективалы жобаларды іске асыру және өңірлік инвестициялық экожүйені дамыту мәселелері талқыланды.
Тараптар Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (ҰЦИП) аясында жүргізіліп жатқан жұмысты, соның ішінде инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мен мониторинг жүргізу, инвесторлармен өзара іс-қимылдың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) және негізгі капиталға салынған инвестициялар (НКИ) көрсеткіштерін есептеу, олардың қалыптастыру және өңірлік деңгейде есепке алу әдістемесі бойынша мәселелер қаралды. Ерекше назар «инвестицияға тапсырыс» тетігін іске асыруға аударылды. Бұл құрал өңір экономикасының басым салаларында жаңа жобаларды қалыптастыру мен іске қосуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, қолданыстағы және әлеуетті инвесторларды сүйемелдеу, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау құралдарын кеңейту мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестиция тарту жүйесінің барлық деңгейлерінде үйлестіруді күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, Қостанай облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру жөніндегі келесі қадамдарды анықтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1101378?lang=kk