Қостанайлық студенттер ERG Skills International-2025 халықаралық байқауында үздіктер қатарында

Қостанайлық студенттер ERG Skills International-2025 халықаралық байқауында үздіктер қатарында

08.11.2025 14:00:33 83

ERG Skills International-2025 қорытындысы!
2025 жылғы 3-7 қараша аралығында Павлодар облысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ERG Skills International-2025 халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Чемпионатқа Қазақстан мен Қытай елінен 13 құзыреттілік бойынша 92 адам қатысты.
ERG колледждер Альянсының 8 студенті 8 құзыреттілік бойынша Қостанай облысының намысын қорғап шықты.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жітіқара политехникалық колледжі:
• Алтын — «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі — Александр Владимирович Гадлевский. Сарапшы: Самат Төлегенұлы Исркепов
• Алтын — «Слесарлық іс» құзыреттілігі — Байтуов Руслан Азаматович. Сарапшы: Булат Құрманғалиұлы Адамбаев
• Күміс — «Электромонтаждау» құзыреттілігі — Данил Сергеевич Ярошевич. Сарапшы: Тимур Серікұлы Исмурзинов
• Күміс — «Маркшейдерлік іс және геодезия» құзыреттілігі — Роман Александрович Демиденко. Сарапшы: Ельдос Сагидукасович Ябыков
Рудный политехникалық колледжі:
• Қола — «Еңбекті қорғау» құзыреттілігі — Андрей Владимирович Ивахно. Сарапшы: Мария Михайловна Бабенко.
Қостанай облысы — жалпы командалық 3 орынға ие болды!
Біз сіздерді мақтан етеміз! Әрқайсыңыз шеберліктің, табандылық пен жоғары кәсібиліктің үлгісі болдыңыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1101475?lang=kk