Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Мажарстан Республикасының Бас консулдығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
11.11.2025 17:30:21 35
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Мажарстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы арасында мәдени және гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Аталған меморандум кітапхана ісі саласындағы байланыстарды нығайтуға, ғылыми және мәдени жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға, сондай-ақ көрмелер, дәрістер, кино көрсетілімдері мен мәдени алмасу бағдарламаларын ұйымдастыруға бағытталған.
Бұл бастама екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және халықтар арасындағы достық байланысты нығайтға ықпал етеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1103086?lang=kk