Қазақстан СІМ-де Ливанның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Қазақстан СІМ-де Ливанның жаңа Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

11.11.2025 18:21:12 43

Астана, 2025 жылғы 11 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ливан Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Джордж Абу Зейдпен кездесу өткізді.

Кездесу аясында Ливан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Өз кезегінде Ә.Бақаев Елшіні жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Қазақстан мен Ливан арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық серіктестікті және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сұхбат аяғында дипломаттар екіжақты және көпжақты форматта белсенді өзара іс-қимылды қолдауға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1103178?lang=kk