Оралда Қазақстан мен Ресей $61 млн-дық келісім жасады
13.11.2025 15:20:49 43
ҚР СИМ жанындағы QazTrade Татарстанда сауда-көрме алаңын ашып, отандық өнімдерді ресейлік бөлшек сауда желілеріне шығарады. Бұл туралы Орал қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумында айтылды. Шара екі елдің 100-ден астам компаниясын жинап, жалпы сомасы $61 млн болатын келісімдерге қол қоюмен аяқталды.
Сондай-ақ, QazTrade Ресейдің “БОЛАШАК” компаниясымен меморандумға қол қойды. Құжат Қазан қаласында қазақстандық өндірушілерге арналған сауда-көрме алаңын ашуды көздейді. Жаңа алаң отандық экспорттаушыларға Ресейдің орталық өңірінде өз өнімдерін таныстыруға және бөлшек сауда желілеріне жүйелі шығуға мүмкіндік береді.
«Біз қазақстандық өндірушілердің жаңа нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдай жасап, елдің экспорттық белсенділігін арттырып келеміз. Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық нақты нәтиже беріп жатыр», - QazTrade атқарушы директоры Берік Ахметов.
«QazTrade-пен серіктестік қазақстандық тауарларды Ресей нарығына тұрақты жеткізуге үлкен мүмкіндік. Қазақстаннан келетін сапалы өнімге Ресейде сұраныс бар. Біз ол өнімдерді елдің негізгі өңірлеріне ұсынуға дайынбыз», - деді өз сөзінде “БОЛАШАК” ЖШҚ директоры Рустам Сафиулиннің айтуынша, Алаңда тағы бір маңызды құжатқа қол қойылды. Ол QazTrade пен Ресейдің «Караван» компаниясы арасындағы меморандум. Құжат қазақстандық тауарларды ресейлік бөлшек сауда желілеріне жеткізуге бағытталған.
QazTrade экспортты дамыту жөніндегі ұлттық оператор өкілі Алмас Ихсановтың айтуынша, бұл меморандумның арқасында, отандық өндірушілер ресейлік супермаркеттер сөрелеріне белсенді шыға бастайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1104609?lang=kk