Қазақстан Сыртқы істер министрі Аустрия Елшісін қабылдады
13.11.2025 19:10:50 137Астана, 2025 жылғы 13 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Аустрия Республикасының Елшісі Андреа Бахерді қабылдады.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты серіктестік мәселелері бойынша пікір алмасып, қазақ-аустриялық ынтымақтастығын саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Екі елдің сауда-инвестициялық серіктестігін күшейтудегі Экономикалық, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау, өнеркәсіптік, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының және Іскерлік кеңестің маңызды рөлі аталып өтті.
Осы тұрғыда Қазақстан СІМ басшысы энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің перспективаларына ерекше назар аударды.
Өз кезегінде А.Бахер Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтауға мүдделілік білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар өзара тиімді серіктестікті нығайтуға және алдағы өзара сапарлар мен бірлескен іс‑шаралар шеңберінде сындарлы диалогты жалғастыруға ниетті екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1105054?lang=kk