Екінші ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында өңір еңбеккерлері құрметке ие болды
15.11.2025 13:40:19 188
14 қарашада Екінші ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумы өтті, ол Жұмысшы мамандықтар жылына арналды. Шараға еліміздің барлық өңірлерінен аграрлық сала мамандары жиналды. Форум алаңында АӨК-ті дамыту бағыттары, соның ішінде цифрлық технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы отандық өндірушілер ұсынған заманауи цифрлық шешімдер көрмесімен танысты.
Форумның маңызды бөлігі — мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының 30 үздік қызметкерін марапаттап, олардың көп жылдық еңбегіне және АӨК дамуына қосқан үлесіне алғысын білдірді.
Жоғары мемлекеттік наградаларға Қостанай облысының өкілдері де ие болды:
•Александр Кисель, Қостанай ауданы «Абиль» шаруа қожалығының бас агрономы, «Еңбек даңқы» III дәрежелі орденімен марапатталды.
•Тұрсынбай Садвакасов, Қостанай қаласындағы «Уйкескен» ЖШС директоры, сондай-ақ «Еңбек даңқы» III дәрежелі орденін алды.
Президенттің мемлекеттік наградаларды табыстауы – жерлестеріміздің кәсіби шеберлігіне, адалдығына және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан зор үлесіне берілген жоғары баға. Бұл марапат Қостанайлық ауыл еңбеккерлерінің еңбегі ең жоғары деңгейде құрметтелетінін айқын көрсетеді.
Форум ауыл шаруашылығының маңыздылығы мен стратегиялық рөлін тағы бір мәрте дәлелдеп, сала үздіктерінің еңбегі лайықты бағаланған маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1106033?lang=kk