ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Эстония Республикасының Әділет және цифрлық даму министрі Лииса Пакостамен кездесті
17.11.2025 17:30:44 147
Кездесу барысында тараптар екі министрліктің қызметі және құқық саласындағы негізгі жұмыс бағыттары туралы ақпарат алмасып, әріптестік мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы маңызды жетістіктерге, заң шығару процесіне цифрлық шешімдерді енгізу тетіктерін жетілдіруге, электрондық нотариат жүйесін одан әрі дамытуға, атқарушылық өндірісті цифрлық трансформациялауға, сондай-ақ авторлық сыйақыны төлеу процесін автоматтандыру заманауи шешімдеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткен диалогтың нәтижелілігін атап өтіп, конструктивті ынтымақтастық пен әріптестік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1106799?lang=kk