Қазақстан СІМ басшысы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директорын қабылдады
18.11.2025 20:20:27 61Астана, 2025 жылғы 18 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Берік Арынмен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Ұйымның ағымдағы қызметі мен алдағы іс-шараларын талқылады.
Кездесуді қорытындылай келе, сұхбаттастар Ислам ынтымақтастығы ұйымы өңіріндегі азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелерін шешу үшін диалогты нығайтуға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1107770?lang=kk