Алматы облысында әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда
20.11.2025 09:00:22 165
Алматы облысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен тұрғын үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл өңірде шамамен 1700 тұрғын үй бірлігін сатып алу жоспарланған. Оның ішінде 200-і – несиелік, ал 1500-і – әлеуметтік осал топтарға арналған жалдамалы тұрғын үйлер.
Республикалық бюджет есебінен 369 үй сатып алу көзделген. Қазіргі уақытта оның 200-і сатып алынып, 187-сіне төлемдер жүргізілді. Әлі сатып алынбаған 169 үй Балқаш, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында, сондай-ақ Алатау және Қонаев қалаларында орналасқан.
Мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен қосымша 1331 үй алу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 444 үй сатып алынып, олардың 366-сына төлем жасалды. Әлі сатып алынбаған 887 үйдің басым бөлігі Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Талғар аудандарында және Қонаев қаласында шоғырланған.
Жыл басынан бері облыста 644 үй сатып алынды. Соның ішінде:
175-і – Еңбекшіқазақ ауданында,
132-сі – Іле ауданында,
92-сі – Жамбыл ауданында,
75-і – Қарасай ауданында.
Қараша айының соңына дейін қосымша 618 үй сатып алу жоспарланған. Қазіргі уақытта 345 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Желтоқсан айында тағы 438 үйдің сатып алынуы күтілуде.
Бұған қоса, Қонаев қаласында 195 үйдің құрылысы толық аяқталып, инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары атқарылып жатыр.
Өңір әкімдігінің мәліметінше, жылдық жоспардың толық орындалуы жүздеген отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1108614?lang=kk