Үкімет Сенатқа 2026–2028 жылдарға арналған трансферттер көлемі туралы заң жобасын ұсынды
20.11.2025 15:20:40 49
Парламент Сенатының отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырып, жергілікті бюджеттердің толық теңгерімділігін атап өтті.
«Жергілікті бюджеттер теңгерімділігі қамтамасыз етілді. Барлық базалық шығыстар ескерілді. Даму бюджеті республикалық бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып қалыптастырылды», — деп атап өтті вице-премьер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1109002?lang=kk