Астанада алғаш рет Отандас ғалымдар форумы өтті
21.11.2025 19:50:25 30
Астана, 2025 жылғы 21 қараша – «Отандастар қоры» КеАҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен алғашқы Отандас ғалымдар форумын өткізді.
Іс-шара шетелдік ғалымдарды елдің ғылыми-инновациялық дамуына тартуға және халықаралық аренада Қазақстанның зияткерлік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған. Форумға әлемнің түрлі елдерінен қырық ғалым, сондай-ақ жүзден астам қазақстандық зерттеушілер мен сарапшылар қатысты. Қонақтар арасында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының және БАҚ өкілдері болды.
Форумды ашқан ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі Айбек Смадияров сыртқы саяси ведомство шетелдегі отандастарды біріктіру, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанмен байланысты нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, отандас ғалымдардың алғашқы форумын өткізу тәжірибе алмасуға, жаңа бастамалар мен ел дамуына бірлескен үлес қосуға алаң құруда.
Іс-шара аясында пленарлық сессиялар, сондай-ақ «Ұлы дала» халықаралық кітап басылымдар конкурсының тұсаукесері өтті.
Сөз сөйлеу барысында отандас ғалымдар жасанды интеллект, атом энергетикасы, биотехнология, хирургия, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы соңғы әлемдік жетістіктерді ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар Қазақстанда озық технологиялар мен шешімдерді енгізу бойынша бірқатар іс жүзінде қолдануға болатын бастамаларды ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1110363?lang=kk