Қазақстан СІМ басшысы «Kazzinc Holdings» жетекшілерімен кездесу өткізді
21.11.2025 20:30:36 55Астана, 2025 жылғы 21 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Гэвин Хиллмен және осы компанияның бас директоры Жанат Жанботинмен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында компанияның қолданыстағы жобаларын жүзеге асырудың ағымдағы мәселелері қаралды және жаңа кен орындарын дамыту перспективалары, геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі жоспарлар, өндірістік қуаттарды одан әрі кеңейту және қолданыстағы активтерді жаңғырту мәселелері талқыланды.
Орнықты даму, экологиялық стандарттарды сақтау, логистиканы оңтайландыру және шикізатты жеткізудің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар сондай-ақ Қазақстанның тау-кен металлургия секторына қосымша инвестициялар тарту, кадрлық әлеуетті дамыту және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстан СІМ басшысы «Kazzinc» көптеген жылдар бойы саланы дамытуға, өндірістерді жаңғыртуға және елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің негізгі қатысушыларының бірі екенін атап өтті. Министр компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларын құптап, Үкімет тұрақты жұмыс пен қосымша инвестициялар тарту үшін қажетті жәрдем көрсететінін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1110378?lang=kk