Қазақстан СІМ-де Грекиямен ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Қазақстан СІМ-де Грекиямен ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

25.11.2025 19:20:44 54

Астана, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Грекия Республикасының Елшісі Эфталия Какиопулумен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ қазақ-грек ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылдың оң динамикасы аталып өтті. Сұхбаттастар көлік және логистика, туризм, білім беру және цифрлық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

А.Исетов Грекия Қазақстанның Еуропа Одағындағы және Жерорта теңізіндегі маңызды серіктесі екенін атап, екіжақты деңгейде де, халықаралық ұйымдар шеңберінде де ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын білдірді.

Э.Какиопулу өз тарапынан Афинаның Астанамен жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға деген ұмтылысын атап өтіп, сауда-инвестициялық саладағы өзара іс-қимылдың және мәдени бастамаларды ілгерілетудің перспективалылығын атады.

Кездесу соңында тараптар тұрақты саяси диалогты қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1112433?lang=kk