Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданды

Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылданды

26.11.2025 14:20:40 73

Қостанай облысы әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы Азамат Кашиев Қазақстан Республикасы Президентінің Орталық Азияда және елімізде алғаш рет «Жасанды интеллект туралы» Заңға қол қоюына байланысты өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына түсініктеме берді.

Пікір білдіру барысында жаңа заң цифрлық технологияларды жауапты әрі қауіпсіз дамыту жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді.

Құжат жасанды интеллектті экономикаға, мемлекеттік қызметтерге және әлеуметтік салаға енгізуге құқықтық негіз қалыптастырады. Сондай-ақ авторлық құқық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ведомство басшысы нейқауіпсіздік жүйесіндегі жіктеу мәселесіне тоқталып, негізгі терминдерді түсіндіріп, ұлттық платформаны дамыту келешегін талқылады.

Азамат Кашиев өңірлік органдар жаңа нормативтік талаптарға сәйкес ақпараттық жүйелерді бейімдеуге дайындықты бастап кеткенін атап өтті. Сонымен бірге жасанды интеллект технологияларын өмірдің өзге салаларына енгізу мәселелері де қарастырылып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1112881?lang=kk