Астанада өлімге әкелетін автономды қару жүйелеріне қатысты өңірлік ұстаным талқыланды
26.11.2025 19:10:27 111
Астана, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қауіпсіздік департаментінің директоры Арсен Омаров Халықаралық Қызыл Крест комитеті өткізген өлімге әкелетін автономды қару жүйелері (ӨАҚЖ) бойынша өңірлік дөңгелек үстелге қатысты.
Дипломаттар, әскери сарапшылар және академиялық өкілдер әскери салада жасанды интеллектті пайдаланумен байланысты гуманитарлық, құқықтық және этикалық қиындықтарды талқылады. Кездесу барысында адамның араласуынсыз нысаналарды өз бетінше таңдай және соққыға жығый алатын автономды қару жүйелері есеп берушілікке, ашықтыққа және халықаралық гуманитарлық құқықты сақтауға қатысты елеулі алаңдаушылық тудыратыны аталып өтті.
А.Омаров өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда жасанды интеллекттің дамуын жеделдету жөніндегі бастамаларын атап өтті және елдің ӨАҚЖ реттеу жөніндегі ұстанымын егжей-тегжейлі баяндады. Ол Астананың толық автономды қаруға алдын ала тыйым салуды және қазіргі заманғы қару-жарақты әзірлеуде жасанды интеллектті енгізу кезінде әскери қажеттілік пен этикалық стандарттар арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтауды жақтайтынын атап өтті. Қазақстанның Өлімге әкелетін автономды қару жүйелерін реттеуге арналған заңды күші бар құрал ретінде Ізгіліксіз қару туралы конвенцияның VI Хаттамасын әзірлеуді қолдайтынын айтты.
Дөңгелек үстелге Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Андреа Бахер (Аустрия – БҰҰ Бас Ассамблеясының ӨАҚЖ бойынша екі қарарының бастамашысы) және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның сыртқы саясат және қорғаныс министрліктерінің өкілдері қатысты. Іс-шара Орталық Азия мемлекеттері арасында ӨАҚЖ бойынша біріктірілген ұстанымды қалыптастыруға арналған платформа бола алатыны аталып өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1113354?lang=kk