Қазақстан СІМ-де Ресей Елшісімен кездесу өтті
27.11.2025 19:50:23 83Астана, 2025 жылғы 27 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ресей Федерациясының Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.
Кездесу барысында Таяу Шығыс күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Сұхбаттастар Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1114423?lang=kk