2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ШОБ субъектілері шығаратын өнім көлемі 25%-ға өсті

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ШОБ субъектілері шығаратын өнім көлемі 25%-ға өсті

28.11.2025 12:20:45 119

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевтың айтуынша, соңғы жылдары ШОБ дамуының оң серпіні байқалады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ШОБ-тын ЖІӨ-дегі үлесі 39,8%-ды құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,2%-ға 1,6 п.п. артық. Кәсіпкерлік секторында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 2025 жылдың 2-ші тоқсанында 3,8%-ға артып, 4,4 млн адамға жетті

«2025 жылдың 2-ші тоқсанындағы мәліметтер бойынша тіркелген ШОБ субъектілерінің 91,2%-ы өз қызметін жалғастыруда», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ШОБ субъектілері шығаратын өнім көлемі 25%-ға өсіп, 42,7 трлн теңгені құрады. Өнім шығарылымының ұлғаюы сауда, өнеркәсіп, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймалау, ауыл, орман және балық шаруашылығы саларында байқалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1114816?lang=kk