Бейнеуде барлау полкінің жеке құрамына жаңа оқу жылына міндеттер жүктелді

Бейнеуде барлау полкінің жеке құрамына жаңа оқу жылына міндеттер жүктелді

02.12.2025 09:50:41 104

Ақтау гарнизонының Бейнеу барлау полкінде жаңа оқу кезеңінің басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

Рәсім дәстүрлі түрде әскери ұжымның ар-намысын, борышын, бірлігі мен ынтымағын бейнелейтін Мемлекеттік туды көтеруден және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды.

Жиынға қатысушыларға арнап «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары подполковник Азамат Жұмағазиев сөз сөйледі. Ол барлау бөлімшесін сапалы даярлау мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі элементі деп атап өтті.

Өз сөзінде ол жаңа оқу кезеңінде әскери қызметшілердің алдында тұрған міндеттерді айқындады. Қолбасшылық пен жеке құрамның күш-жігері жауынгерлік даярлықты одан әрі жетілдіруге, кәсіптік дағдыларды дамытуға және тәртіпті нығайтуға бағытталатын болады. Жаңа оқу кезеңінде оқытудың заманауи тәсілдеріне, жаңа әдістемелерді енгізуге, жеке және ұжымдық даярлық деңгейін арттыруға жіті назар аударылатын болады.

Подполковник А. Жұмағазиев алдағы оқу кезеңі нәтижелі болып, жауынгерлік, дене шынықтыру және арнайы даярлықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетіндеріңе сенімдімін деді.

Ресми бөлім соңында полктің жеке құрамы саптық алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті. Саптық алаңдағы салтанатты жиын Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде өткенін айта кеткен жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1116818?lang=kk