Қорғаныс министрлігінің офицерлері еліміздің шығысындағы әскери бөлімдерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Қорғаныс министрлігінің офицерлері еліміздің шығысындағы әскери бөлімдерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді

02.12.2025 20:40:33 66

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев бастаған ақпараттық-түсіндіру тобы Аягөз және Өскемен гарнизондарында жұмыс сапарымен болды.

Вице-адмирал Серік  Борамбаев 10810 және 10181 әскери бөлімдерінде өткен жас сарбаздардың әскери ант беру рәсіміне қатысты. Іс-шараның маңыздылығын атап өткен министрдің орынбасары сарбаздарға жауынгерлік дайындықта табыс және әскери мамандықты меңгеруде табандылық тіледі. Ол сондай-ақ ант беру салтанатына арнайы келген сарбаздардың ата-аналарымен сұхбаттасып,  пікір алмасты.

Ақпараттық десант құрамында Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің, Әскери білім және ғылым департаментінің, Экономика және қаржы департаментінің, заң қызметінің және Әскери инфрақұрылым басқармасының офицерлері бар. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Отбасы банкі» мен «Қарызсыз қоғам» жобасының мамандары да түсіндіру жұмыстарына тартылды. Жобаның мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру.

Әскери қызметшілердің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту, қаржылық қамтамасыз ету және моральдық рухтарын көтеру мақсатында қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.

Гарнизондарда ақпараттық-түсіндіру тобы әскери қызметшілерді жеке қабылдау жүргізді. Онда жаңа заңнамалар бойынша түсініктемелер беріліп, әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және тұрғын үй төлемдерін алу тәртібі жөнінде ақпараттар ұсынылды.

Қорғаныс министрлігінің офицерлері сондай-ақ әскери госпитальді, әскери қызметшілердің балалары оқитын орта мектептерді, Аягөз гарнизонының әскери қалашығын аралап, тұрғындарымен әңгімелесті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1117576?lang=kk