Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Израиль Елшісін қабылдады
04.12.2025 19:10:31 30Астана, 2025 жылғы 4 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен алдағы биік және жоғары деңгейде жоспарланған іс-шаралар кестесі талқыланды.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1119394?lang=kk