Астана Опера мен Масқат Корольдік опера театры мәдени ынтымақтастықты дамытуда

Астана Опера мен Масқат Корольдік опера театры мәдени ынтымақтастықты дамытуда

08.12.2025 08:00:41 50

Масқат, 2025 жылғы 6–7 желтоқсан - «Астана Опера» театры Оман Сұлтандығындағы Маскат Корольдік опера театрында Лéo Делиб музыкасына қойылған Ролан Петидің әлемдік балет классикасының танымал туындысы — «Коппелия» балетін сахналады.

Халықаралық гастрольдік тур аясында өткен қойылымдар «Астана Опера» ұжымының жоғары кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігін айқын көрсетті. Спектакльдер омандық көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырып, 2025–2026 маусымындағы Маскат Корольдік опера театрының маңызды мәдени оқиғаларының бірі ретінде танылды.

Көрермендер жетекші солистердің мінсіз техникасымен және нәзік актерлік интерпретациясымен ерекшеленген виртуоздық орындауын, сондай-ақ заманауи режиссерлік шешімдер мен классикалық балет дәстүрлерінің үйлесімді сабақтастығын ерекше атап өтті.

Сонымен бірге, «Астана Опера» оркестрінің жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігі, музыкалық дәлдігі мен көркемдік сезімталдығы қойылымның жалпы көркемдік әсерін айрықша күшейте түсті. Шығармашылық топтың кәсібилігі қойылымның жоғары көркемдік деңгеймен және әсерлі сахналық бейнелеумен ерекшеленуіне мүмкіндік берді.

Бұл қойылым Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып, гуманитарлық саладағы екіжақты байланыстардың одан әрі дамуына және өнер саласындағы жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерінің ашылуына жол ашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1120537?lang=kk