Алматы облысында МӘМС жүйесін іске асыру барысы баяндалды
08.12.2025 14:20:27 234
Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің өңірде жүзеге асырылуы мен медициналық қызметтердің қолжетімділігіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Шараға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов және «Бакай-1» ЖШС директорының орынбасары Жансая Аліпбаева қатысты.
Бүгінде облыста 24 мемлекеттік және 78 жеке медициналық ұйым халыққа ТМККК және МӘМС аясында қызмет көрсетеді. “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында 38 нысанның құрылысы қолға алынып, оның 36-сы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Балқаш ауданы Қарой ауылы мен Жамбыл ауданы Үлкен ауылындағы амбулаториялардың құрылысы аяқталмақ.
Облыстың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов ауылдағы медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарының маңызын атап өтті:
«Ауылдық аймақтарда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – біздің басты міндетіміз. Жаңадан салынған нысандар заманауи талаптарға сай жабдықталып, халыққа уақытылы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», – деді ол.
2026 жылдан бастап 2-типті қант диабеті, ревматизм, ДЦП және дәнекер тіндердің жүйелі аурулары динамикалық бақылауға ауыстырылып, олардың қаржыландыруы МӘМС пакеті арқылы жүзеге асырылады. Медициналық қызмет көлемі толық сақталады.
2025 жылдың 10 айында облыс тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтердің 979 түрі көрсетілді. Дәрілік қамтамасыз ету бойынша 706 мың рецептінің 87,4%-ы «әлеуметтік әмиян» арқылы берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1120954?lang=kk