Қазақстан есірткімен және қылмыспен күрес жүргізуде БҰҰ-мен ынтымақтастыққа берік

Қазақстан есірткімен және қылмыспен күрес жүргізуде БҰҰ-мен ынтымақтастыққа берік

08.12.2025 16:30:52 135

Вена, 2025 жылғы 4-5 желтоқсан - Венадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесінде БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссия мен БҰҰ Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті.

Сессия барысында Комиссиялардың алдағы жылдарға арналған қызмет бағыттарын айқындайтын стратегиялық, бюджеттік және әкімшілік мәселелер қаралды.

Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Тындыбеков ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және өзге де қылмыстық қызметтердің түрлеріне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан делегациясы Комиссиялар жұмысына белсенді үлес қосуға, жинақталған тәжірибемен бөлісуге және есірткі қылмысына қарсы күрес пен халықаралық қауіпсіздікті ілгерілетуге бағытталған жаһандық күш-жігерді қолдауға дайын екенін тағы да растады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1121138?lang=kk