Қазақстан мен Сауд Арабиясы тау-кен металлургия кешені саласындағы үйлестіруді күшейтуде
08.12.2025 18:51:00 136Рияд, 2025 жылғы 7 желтоқсан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен келіссөздер жүргізді.
Сұхбат барысында тау-кен және металлургия секторындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін екі елдің тиісті министрліктері арасындағы диалогты жандандыру мәселесіне басты назар аударылды.
Осы тұрғыда, тараптар 2025 жылдың қарашасында БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы Бас конференциясының (ЮНИДО) 21-ші сессиясы аясында өткен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев пен Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайеф арасындағы кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1121397?lang=kk