«Алтайские Альпы» тау-шаңғы курортында 2025–2026 жылдардағы қысқы туристік маусымның салтанатты ашылуы өтті

«Алтайские Альпы» тау-шаңғы курортында 2025–2026 жылдардағы қысқы туристік маусымның салтанатты ашылуы өтті

09.12.2025 19:00:41 286

2025 жылғы 6 желтоқсанда «Алтайские Альпы» тау-шаңғы курортында қысқы туристік маусымның 2025–2026 жылдардағы салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға көптеген қонақтар, белсенді демалыс әуесқойлары, туристер және саланың өкілдері қатысты.

Қонақтарға арнайы мазмұнды бағдарлама ұсынылды: концерттік нөмірлер, қолөнершілердің шеберлік сабақтары, бұйымдар жәрмеңкесі, ит жегілген шанамен серуендеу, садақ ату тирі, хаски мен бүркітші тақырыптық фотозоналары, дегустациялар және фуд-зонаның жұмысы. Мерекелік атмосфераны аниматорлар мен бойшаң қуыршақтар жандандырып отырды.

Іс-шараның негізгі сәті — спортшылардың Қазақстан Республикасы Туымен жаппай төмен қарай сырғанауымен өткен массовый спуск, ол қысқы маусымның ресми басталғанын білдірді. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің туристік саласы өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.

Күн бойы қонақтар үшін серіктестердің сыйлықтары ойнатылған конкурстар, шығармашылық ұжымдардың қойылымдары, музыкалық бағдарламалар, сондай-ақ шаңғымен және сноубордпен жаппай сырғанау ұйымдастырылды.

Қолөнершілердің шеберлік сабақтары, сауда қатарлары, тақырыптық фотозоналар және ыстық тағам ұсынатын аймақтар жұмыс істеді. Әрбір келуші спорттық белсенділіктен бастап отбасылық демалысқа дейін өзіне ұнайтын ермек таба алды.

Салтанатты ашылу қысқы маусымның жарқын бастамасына айналып, Шығыс Қазақстанның мәдениеті, спорты және туризмін біріктірген ерекше атмосфера сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1122309?lang=kk