"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын Сақтау"тақырыбында семинар
12.12.2025 09:20:47 397Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Кеңесті ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарының м.а. Жибитаев Асхат Райнбекович өткізді. Іс-шараға ШҚО Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімі бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алимжанова Зарина Каиролдиновна, Өскемен қаласы Полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімінің капитаны Токенов Мерей Айдынулы, сондай-ақ Өскемен қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны взводының командирі, полиция капитаны Өмірбекұлы Ернар қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің алкогольдік, есірткілік және (немесе) улану жағдайында болуын болдырмау, психоактивті заттарды медициналық емес қолданудың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, сондай-ақ кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Полиция өкілдері қолданыстағы заңнама нормаларын, жауапкершілік шараларын және профилактикалық тетіктерді түсіндірді.
Кездесу қорытындысы бойынша департамент басшысының м.а. – Әдеп жөніндегі уәкіл Жибитаев Асхат Райнбекович қызметтік әдеп нормаларын, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды және Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1124160?lang=kk