«Шандор сарайында» Қазақстан мен Мажарстан жоғары деңгейдегі келісімдерінің іске асуы талқыланды
12.12.2025 13:40:21 174
Будапешт, 2025 жылғы 9 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Президенті Кеңсесінің басшысы Иштван Силвестер Тимармен, қазақ-мажар стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады.
Елші А.Сапарбекұлы бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтардың іске асуы туралы сұхбаттасын қысқаша ақпараттандырып, былтыр ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Будапештке жасаған мемлекеттік сапары барысында Республика Президенті Тамаш Шуйокпен, Үкімет басшысы Виктор Орбанмен өткізген келіссөздердегі, сондай-ақ Т.Шуйоктың қазан айындағы Астана сапарындағы келісімдердің жай-күйімен бөлісті.
Қазақ дипломаты екі жақты саяси байланыстардан басқа, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың, сондай-ақ тараптардың қарауындағы бірлескен жобалар мен инвестициялық мүмкіндіктердің жай-күйіне және перспективаларына тоқталып өтті.
Әсіресе жасанды интелект пен цифрландыру саласы ұсынатын мүмкіндіктер мен оның құқықтық реттелуі төңірегінде тәжірибе алмасу ұсынысы көтерілді.
Сонымен қатар, сұхбаттастар білім беру саласында Қазақстан мен Мажарстанның ұлттық университеттерінің ғылыми дисциплиналарына қазақ және мажар тілдерін ресми түрде енгізу мәселесіне үлкен мән берді.
Кездесу қорытындысы бойынша, сұхбаттастар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бағытында мемлекет басшыларының екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізген уағдаластықтарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1124513?lang=kk