Жас чемпион

Жас чемпион

12.12.2025 14:40:32 138

Мариногорка орта мектебінің түлегі, қазіргі таңда Абай атындағы педагогикалық колледжінің студенті Чернешева Яна қызымыз,

Біріккен Араб Әмірліктері, Дубай қаласында 5–10 желтоқсан күндері өткен армрестлингтен Азия кубогына қатысып, оң және сол қолдан чемпион атанып, еліміздің көк байрағын халықаралық аренада желбіретті.

Янаның бұл жетістігі — талмай еңбектенудің, жігер мен табандылықтың нәтижесі. Алғашқы жаттықтырушылары Н.Н Мухамеджанов пен Т.О Токтаровтың еңбектерінің нәтижесі.  Жерлестерінің мәртебесін өсіріп, Қазақстанның атын тағы бір биіктен танытты.

 

Жас спортшыға алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!

Жеңісің құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1124544?lang=kk