Астанада Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің қатысуымен "1С" XV форумы өтті

Астанада Ұлттық экономика бірінші вице-министрінің қатысуымен "1С" XV форумы өтті

12.12.2025 16:20:34 125

Бүгін Астанада Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин "1С" XV форумында сөз сөйледі. Оған бизнес, бухгалтерлік қоғамдастық, мемлекеттік органдардан 650-ден астам өкіл жиналды. Ол форумның кәсіби диалог пен жаңа Салық кодексіне көшуге дайындықтың негізгі алаңына айналғанын атап өтті.

Азамат Әмриннің айтуынша, форум тәжірибе алмасуға, практикалық шешімдерді талқылауға және қаржы-шаруашылық процесінің ашықтығы мен тиімділігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Бірінші вице-министр Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойған және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін ұсынды. Құжат салық есептілігін 30%-ға, салықтың санын 20%-ға азайтуды, жеңілдіктерді оңтайландыруды, сараланған ставкаларды енгізуді, сондай-ақ инвестицияны ынталандыру жөніндегі шараларды көздейді.

Корпоративтік табыс салығы бойынша негізгі өзгерістің ішінде 20% базалық мөлшерлеме сақталады. Банктер мен ойын бизнесі үшін 20% мөлшерлеме белгіленген. Ал ШОБ субъектілерін кредиттеуде 25% деңгейінде. Әлеуметтік сала ұйымдарында 2026 жылы 5% және 2027 жылдан бастап 10% мөлшерлеме енгізіледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3% мөлшерлемені сақтайды.

Іс-шара соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, Азамат Әмрин қатысушыларды толғандырған тақырыптарға жан-жақты түсіндірме берді. Негізгі мәселе салықтық әкімшілендіруге, атап айтқанда салық шегерімін қолдану тәртібіне қатысты. Бұған түсіндірме бере келіп, бірінші вице-министр практикалық шешімдер келесі жылы деректерді талдағаннан кейін қабылданатынын атап өтті.

"Жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрейік. Декларацияларды зерттеп, талдағаннан кейін келесі қадам анықталады", - деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1124756?lang=kk