Қаратал ауданы бойынша МКБ жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша Ашық есік күнін өткізді

Қаратал ауданы бойынша МКБ жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша Ашық есік күнін өткізді

12.12.2025 18:21:53 137

Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырып, онда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің негізгі қағидалары мен өзгерістері түсіндірілді.

Іс-шара барысында қатысушылар жаңа нормаларды практикалық тұрғыда қолдануға қатысты сұрақтарын қойып, МКБ басшылығы мен жетекші мамандарынан толыққанды жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесу кезінде басқарма қызметкерлері шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық режимдеріне енгізілген өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ салықтық бақылаудың жаңа тәсілдері таныстырылды. Бақылау шаралары тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделетіні атап өтілді, бұл адал салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, назарды тәуекел деңгейі жоғары бағыттарға шоғырландыруға мүмкіндік береді.

«Ашық есік күнінің» өткізілуі алдағы салық реформасына салық төлеушілердің алдын ала дайындалуын қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды ақпараттық кампанияның бір бөлігі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1124935?lang=kk