Қосшы қаласының оқушылары тәуелсіз Қазақстан дипломатиясының қалыптасу тарихымен танысты

Қосшы қаласының оқушылары тәуелсіз Қазақстан дипломатиясының қалыптасу тарихымен танысты

12.12.2025 20:00:57 121

Астана, 2025 жылғы 12 желтоқсан – ҚР Сыртқы істер министрлігі еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қосшы қаласындағы №4 мектеп оқушыларына арнайы экскурсия ұйымдастырды. Қазақстандық дипломатия мұражайын тамашалау барысында өскелең ұрпаққа дала дипломатиясынан қазіргі кезеңге дейінгі отандық дипломатиялық мектептің даму тарихымен танысты.

Оқушыларға мұрағаттық құжаттар, сирек кездесетін материалдар мен тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі кезеңдерді көрсететін экспонаттар ұсынылды. Еліміздің халықаралық сахнада алғашқы танылуы, дипломатиялық қатынастар орнатуы және жетекші халықаралық ұйымдарға мүше болуына арналған бөлімдер ерекше қызығушылық тудырды.

Іс-шара жас буынға Қазақстанның қалыптасуы және ұлттық мүдделерін ілгерілету, сондай-ақ еліміздің халықаралық беделін нығайтудағы дипломатиялық қызметтің рөлін кеңінен насихаттауға бағытталды.

Министрлік қызметкерлері оқушыларға Тәуелсіздік жылдарда қалыптасқан сыртқы саясаттың басты қағидаттары Қазақстанның жаһандық процестердің құрметті және белсенді қатысушысына айналуына қалай ықпал еткені туралы айтып берді. Отандық дипломатияның бітімгершілік бастамаларды ілгерілетуге, өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттің саяси және экономикалық мүдделерін қорғауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

Сыртқы істер министрлігіне сапар оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін және дипломатияның маңыздылығын халықаралық аренада ұлттық мақсаттарды ілгерілетудің негізгі құралы ретінде түсінуін қалыптастыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1125079?lang=kk