Қазақстан делегациясы Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясына қатысты

Қазақстан делегациясы Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясына қатысты

14.12.2025 20:40:20 307

Найроби, 2025 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстан делегациясы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың басшылығымен Найробиде 2025 жылғы 8-12 желтоқсан аралығында өткен «Өміршең планета үшін тұрақты шешімдерді ілгерілету» тақырыбындағы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі Ассамблеясының (ЮНЕА-7) 7-ші сессиясына қатысты.

Вице-министр М.Ошурбаев қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелеін талқылау мақсатында Кения Республикасының Қоршаған орта, климаттың өзгеруі және орман шаруашылығы министрі Д. Бараса, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - ЮНЕП-тің Атқарушы директоры И.Андерсен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-Хабитаттың Атқарушы директоры А.Россбах ханымдармен кездесті.

Ассамблеяда ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР-дың БҰҰ-ның Найробидегі бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Б.Садықов сөз сөйлеп, өз сөзінде Қазақстанның экологиялық күн тәртібін ілгерілету жөніндегі ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейдегі халықаралық бастамалары мен практикалық іс-әрекеттері туралы хабардар етіп, еліміздің көпжақты ынтымақтастыққа беріктігін атап, халықаралық қоғамдастықты планетарлық экологиялық мәселелерді шешу үшін күш біріктіруге шақырды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі З.Сүлейменова су мәселесі, маңызды минералдар, шөлейттену тақырыптар бойынша жоғары деңгейдегі диалогтарға қатысып, негізгі халықаралық табиғат қорғау конвенциялары мен келісімдерінің басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Сессия қорытындысы бойынша Ассамблея Министрлер декларациясын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бірқатар маңызды қарарларды қабылдады.

Сессияға қатысушылар ХХІ ғасырдың негізгі экологиялық қауіптеріне қарсы тұру және қоршаған ортаны қорғаудың әртүрлі салаларындағы біліммен, озық тәжірибелермен және инновациялық шешімдермен алмасу үшін халықаралық ынтымақтастықты жұмылдыру үшін шұғыл және бірлескен шаралар қабылдау қажеттілігін мойындады.

Ақпарат: Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясы (ЮНЕА) - қоршаған орта мәселелері бойынша ең жоғары жаһандық шешім қабылдау органы, оның құрамына БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің барлығы кіреді.

БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) - қоршаған орта мәселелеріне жауапты, қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылдарды үйлестіретін және қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін тұрақты дамуды ілгерілететін жетекші жаһандық экологиялық ұйым. ЮНЕП штаб-пәтері Найробиде орналасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1125257?lang=kk