Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының басшылығымен кездесті

15.12.2025 08:00:45 300

Рияд, 2025 жылғы 14 желтоқсан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Мемлекеттік инвестициялық қорының Аға директоры Мулхам Әл-Бакримен келіссөздер жүргізді.

Сұхбат барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осы тұрғыда, М.Меңілбеков Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат беріп, елдің басым экономикалық салалардағы инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Өз кезегінде, Қор басшылығы ҚР-дың жоғары инвестициялық әлеуетін атап өтіп, қазақстандық тараппен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ықпалдастықты дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы келісті.

«Sovereign Wealth Fund Institute» бағалауына сәйкес, 1971 жылы құрылған Мемлекеттік инвестициялық қордың жалпы активтері шамамен 1 трлн. долл. құрайды және Қор әлемдегі егеменді қорлар арасында активтер көлемі бойынша 6-шы орынға ие.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1125273?lang=kk