Скопьеде инвестициялар мен экспорт саласындағы ынтымақтастық талқыланды
15.12.2025 08:00:48 221
Скопье, 2025 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Шетелдік инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету агенттігінің директоры Рефик Джемайлимен кездесті.
Македон тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстандағы реформалардың үдемелі барысымен, Қазақстан-Македония дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына орай саяси диалогтың жаңа деңгейге шығарылуымен танысты.
Атап айтқанда, Президент Гордана Силяновска-Давкова мен Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Астанаға жұмыс сапарлары барысында маңызды уағдаластықтар атап өтілді. Ең алдымен, бұл іскерлік кеңес құру, бизнес-форум өткізу, екіжақты сауданы ұлғайту.
Агенттік басшылығы Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі елшіліктің тұсаукесерімен қызығушылықпен танысып, сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында жоғары деңгейде қол жеткізілген өзара уағдаластықтарды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1125265?lang=kk