Қазақстанның Гонконгтағы экспорттық әлеуеті

Қазақстанның Гонконгтағы экспорттық әлеуеті

15.12.2025 08:40:28 304

Гонконг, 2025 жылдың 12 желтоқсаны – Гонконгта Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулдығы қазақстандық экспортты Гонконг нарығына ілгерілету үшін ұйымдастырды.

Іс-шараға Гонконгтың ресми өкілдері, кәсіпкерлер және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері қатысты. Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулы Б. Досманбетов өз алғысөзінде Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Бағдарламаның негізгі бөлігінде гонконгтық тарапқа қазақстандық нарықтың мүмкіндіктеріне арналған презентация ұсынылды. Қатысушылар қазақстандық өнімдердің, әсіресе азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және фармацевтика сектордағы жоғары әлеуетін атап өтті.

Бұдан бөлек, Ли Кин-кей мырза (Гонконгтың Кеден және акциздер департаменті комиссарының орынбасары) өз ұстанымын білдіріп, аймақтар арасындағы сауда және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті. Талқылау барысында табысты экспорт үшін сапа стандарттары, өнімнің қауіпсіздігі және логистикалық инфрақұрылымды дамыту сияқты негізгі аспектілер айқындалды

Қорытындысында Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсынымдар әзірленді. Қатысушылар қазақстандық экспорттаушыларды қолдау және олардың өнімдерін Гонконг нарығында ілгерілету үшін бірлескен іс-шараларды жалғастыру туралы келісті және екі аймақ арасындағы сауда қатынастарын жақсартуға маңызды қадам болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1125298?lang=kk