Электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырып бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің нысандарын бекіту туралы
15.12.2025 10:20:45 377
Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексін іске асыру, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жаңғырту шеңберінде салық әкімшілендіру жүйесінің ашықтығы мен болжамдылығын арттыру мақсатында электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырып бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары қолданатын шешімдердің стандартты нысандарын әзірледі.
Аталған нысандар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 573 бұйрығымен «Электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырып бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің нысандарын бекіту туралы» бекітілді. Құжат 2025 жылғы 8 қазанда Әділет министрлігінде № 37084 тіркеліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Біріздендірілген шешім нысандарын енгізу қосарлы түсіндіру тәуекелдерін төмендетуге және салық төлеушілер мен салық органдары арасындағы коммуникацияны жеңілдетуге ықпал етеді.
Бизнес үшін негізгі тиімділіктер:
- Болжамдылық — бірыңғай шешім нысаны түсінбеушіліктерді жояды және коммуникацияны жеңілдетеді.
- Ашықтық — кәсіпкерлер салыстырып бақылау бойынша шешімдердің негіздері мен мазмұнын нақты түсінеді.
- Процестерді жеделдету — стандарттау бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасуды жылдамдатады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1125407?lang=kk