Бейрезиденттің еңбекші көшіп келушінің табысына салық салу

Бейрезиденттің еңбекші көшіп келушінің табысына салық салу

15.12.2025 10:41:10 309

       Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекші көшіп келушіге жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге берілген рұқсаттың негізінде еңбек шартын жасасқан бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі мынадай кірістерден тұрады:

      1) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 40 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ең аз салық салынатын кірісінің сомасынан;

      2) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезең үшін еңбек шарты бойынша алынуға жататын кірістің, осындай асып кету болған кезде – осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кірістен асып кету сомасы.

 Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің асып кету түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы:

      еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері:

      алу

      дәл осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кіріс сомасы

      алу

      дәл осы кезеңдегі жұмыстар орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады.

Жеке табыс салығының сомасын есептеуді еңбекші көшіп келушілер дербес жүргізеді:

1) салық салынатын ең төменгі табыс сомасынан – тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы АЕК-тің 4 еселенген мөлшерінде, жұмыстарды орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін;

2) табыс және мүлік туралы декларацияда салық кодексінің 363 – бабының 1) тармақшасында белгіленген ставканы қолдану арқылы осы кезеңдегі ең төменгі салық салынатын кіріс сомасынан асып кету түріндегі табыс сомасынан.

       Бейрезидент – еңбекші көшіп келушінің салық салынатын ең төменгі табыс сомасынан есептеген жеке табыс салығын төлеу бейрезидент – еңбекші көшіп келушінің тұрған жері бойынша – еңбекші көшіп келушіге рұқсат алынғанға (ұзартылғанға) дейін жүргізіледі.

       Бейрезидент – еңбекші көшіп келушінің салық кезеңі үшін асып кету түріндегі табысының салық салынатын сомасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді бейрезидент – еңбекші көшіп келуші кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей – болу орны бойынша жүргізеді.

       Ең төменгі салық салынатын табыс сомасынан есептелген төленген жеке табыс салығының сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кеткен жағдайда, мұндай асып кету артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайтынын және қайтаруға немесе есепке жатқызуға жатпайтынын атап өту маңызды.

Жеке табыс салығының сомасы ең төмен салық салынатын табыстан төленген жеке табыс салығының сомасынан асып кеткен жағдайда, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны бейрезидент – еңбек иммигранты табыс етеді.

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны бейрезидент – еңбекші көшіп келуші есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей болатын жері бойынша салық органына табыс етеді.

Бұл ретте бейрезидент еңбекші көшіп келуші салық кезеңі ішінде ҚР шегінен тыс жерге кеткен жағдайда декларация осындай адамның ҚР шегінен тыс жерге кеткен күніне дейін табыс етіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1125444?lang=kk