«Туған жер – алтын бесігім»

«Туған жер – алтын бесігім»

15.12.2025 11:30:31 259

«Туған жер – алтын бесігім» акциясын іске асыру аясында Өскемен қаласында «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында Алтай ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға жергілікті тауар өндірушілер қатысып, қолжетімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін ұсынды. Жәрмеңке отандық өндірушілерді қолдауға, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-chapaev/press/news/details/1125536?lang=kk