Бизнесті қолдау: 200 млн теңгеге дейінгі несиені субсидиялау
15.12.2025 12:11:04 217
«Даму» Қоры ЦентрКредит Банк, Halyk Bank және ТехноЛизинг, Эксперт лизинг, Merz Leasing Machinery секілді компаниялармен портфельдік субсидия жөнінде келісімге қол қойды.
Бағдарлама экономиканың басымдық берілген салаларында жұмыс істейтін микро және шағын бизнесті қаржыландыруды көздейді. Ол: өңдеу өнеркәсібі, ауыл және балық шаруашылығы, көлік, қойма, туризм және қонақ үй қызметі, білім беру, денсаулық сақтау және баспа қызметі.
Инвестиция және айналым қаражатын толықтыруға алынған қарыздар субсидияланады.
Негізгі шарттар:
✔️ қарыздың максимал сомасы - 200 млн теңгеге дейін;
✔️ сыйақы мөлшерлемесі - ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне +4%. Номинал мөлшерлеменің 40%-ын мемлекет субсидиялайды (кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме - кемінде 12,3%);
✔️ субсидия мерзімі - 3 жылға дейін.
Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлер осы серіктестерге тікелей жүгінуі керек.
Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Қостанай облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65, «СТИ Қостанай» бизнес орталығы, 2-қабат, 209-кабинет. Тел. 8 (7142) 990-305.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1125615?lang=kk